Бүгiн, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қырыАбай облысында көлікке арналған арнайы арқанның үзіліп кету салдарынан жүргізуші ажал құшты. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алдын ала мәліметтер бойынша қайғылы оқиға Омбы – Майқапшағай тасжолының 899-шақырымында сағат 01:00 шамасында болған.
Mitsubishi Montero көлігінің 26 жастағы жүргізушісі Жарма ауданы Қалбатау ауылына қарай келе жатып, 27 жастағы ер адамның басқаруындағы Toyota Estima автокөлігін арнайы арқанмен сүйреген. Жол бойында арқан үзіліп, салдарынан көлік аударылып кетті, - делінген мәліметте.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 27 жастағы Toyota Estima жүргізушісі алған дене жарақатынан жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында ажал құшты.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бүгiн, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?