Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыМолдова астанасы Кишиневте армрестлингтен 45-әлем чемпионаты өтіп, отандық спортшылар атой салды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, биылғы додаға 61 мемлекеттен 1500-ге жуық спортшы қатысты. Бұл қатарда жасөспірімдер, жастар, ересектер, ардагерлер және пара атлеттер бар.
Бұл қатарда еліміздің 150 қол күресінің шебері бар. Олар 82 алтын, 92 күміс, 82 қола жүлдемен (барлығы 256) жалпы есепте 1-орын алды. Екінші орынға Түркия, үшінші орынға Грузия жайғасты.
Отандасымыз Нұрдәулет Айдархан Кишиневте ересектер арасында 7 дүркін (оң қолда алтын, сол қолда күміс), жастар арасындағы нәтижесін қосқанда 12 дүркін әлем чемпионы атанды. Сонымен қатар Молдовада Мейрамбек Ерсайын 7 дүркін, Ердәулет Нұрмахан 5 дүркін әлем чемпионы атағына қол жеткізді.
Еске сала кетейік, былтыр армрестлингтен әлем чемпионаты Алматы қаласында өткен. 52 елдің 1000-нан астам спортшысы бас қосқан бәсекеде Ұлттық құраманың 256 өкілі жүлдеге таласқан. Ол кезде Қазақстан командасы 72 алтын, 57 күміс, 27 қола медальмен жалпы есепте топ жарған.
Ал 2022 жылы Түркияның Анталья қаласындағы әлем чемпионатында 54 елден 1700 спортшы бас қосқан. Қазақстан 68 алтын, 66 күміс пен 36 қола жүлдемен жалпы есепте 1-орын алған.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді