Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАрман Жүдебаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министр Асхат Оралов осыған дейін ҚР мәдениет және спорт вице- министрі болған Нұрғиса Дәуешовке атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді.
Арман Жүдебаев 1986 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген.
Еңбек жолын 2007 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің артисі болып бастаған.
Оқи отырыңыз:
2009-2013 жылдары - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы, аға оқытушысы.
2013-2018 жылдары - Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің бас дирижері.
2017-2018 жылдары - Дина Нұрпейісова атындағы Атырау облыстық қазақ халық аспаптар академиялық оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері.
2018-2023 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры қызметін атқарды.
2023 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті төрағасы қызметін атқарды.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?