6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерБүгін «Ежелгі Тараз» тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК директорының міндетін атқарушы болып Нұржан Мергенбай тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа басшыны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Тарихи-мәдени мұра басқармасының басшысы Жанат Сейдалиева таныстырды.
Нұржан Мергенбайұлы 1987 жылдың 23 наурызында Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің түлегі.
Еңбек жолын 2007 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ Жамбыл облыстық филиалында бастаған. Әр жылдары жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ «Қазақстан» Ұлттық арнасы, «Хабар» агенттігі, «1 арна Еуразия» телеарналарында және мәдениет саласында жемісті еңбек еткен. Осыған дейін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты «Qazcontent» АҚ жұмыс істеген. Отбасылы, 1 ұл, 3 қыз тәрбиелеп отыр.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі