Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекИндустриялық даму комитетінің төрағасы Ілияс Оспанов салалық басқармалардың жұмыс қорытындысын тыңдап, биылғы жылға жоспарымен танысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жиын барысында жеңіл өнеркәсіп, құрылыс индустриясы, түсті және қара металлургия, көмір және химия өнеркәсібі, машина жасау, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар басқармаларының басшылары баяндама жасады.
Айталық, автомобиль, арнайы техника және ауыл шаруашылығы машиналарын жасау басқармасының басшысы Руслан Хисамутдинов саланың өзге елдерде даму тарихына сараптама жасап, отандық өндірістің бүгінгі жай-күйіне тоқталды.
2021 жылы ЖІӨ-дегі автоөнеркәсіп секторының үлесі 0,5 пайызды құраса, 2027 жылы бұл көрсеткішті 6,9 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Алдағы уақытта жаңа жобаларды жүзеге асыра отырып, нарықтағы отандық авто үлесін 77 пайызға арттыру жоспарымызда бар, - деді Руслан Хисамутдинов.
Ал, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар басқармасының басшысы Алмат Досқалиев аймақтардың тиімділігін арттыру мақсатында енгізілгелі отырған жаңашылдықтарға тоқталды.
Біз АЭА қызметінің тиімділігін арттыру бойынша Жол картасын әзірледік. Жол картасы АЭА дамыту жөніндегі басты стратегиялық құжатқа айналады және барлық мүдделі тараптарды нақты міндеттерді шешуге жүйелендіруге мүмкіндік береді. Технологиялық күрделілігіне, жобаны іске асырудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігіне қарай инвестициялық преференцияларды ұсынуда сараланған тәсіл ұсынылады. Сондай - ақ аралас режимдегі аумақты енгізу көзделуде, - деді Алматы Досқалиев.
Өз кезегінде Индустриялық даму комитетінің төрағасы Ілияс Оспанов әрбір бағытты дамыту бойынша өз ұсыныстарын айтып, комитеттің биылғы жылға көзделген негізгі мақсаттарына тоқталды.
Әрбір өнеркәсіп саласынының ел экономикасындағы маңыздылығы жоғары. Біздің кәсіпорындар ел азаматтарын тұрақты жұмыс орындарымен қамтып, ішкі және сыртқы нарықта белсенді дамуда. Осы ретте өз тарапымыздан қолдау көрсетіп, жаңа деңгейге көтерілуіне септігімізді тигізуіміз керек, - деді Ілияс Оспанов.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?