Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрікҚарағандыдағы көпқабатты үйлердің ауласында екі жігіттің мәйіті табылды. Көп ұзамастан полицейлер оларды өлтірген ер адамды ұстады, деп хабарлайды El.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Оқиға 26 шілдеде сағат 1.30 шамасында болған.
«Қарағандыда көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан екі ер адамның мәйіті табылды. Адам өлтірді деген күдікпен іргелес тұрған тұрғын үйлер маңынан 23 жастағы күдікті ұсталды. Ол үй ауласында тұрғанда жанжал туындап, сол кезде екі жігітті пышақтап тастағанын мойындады. Күдіктіден қылмыс қаруы тәркіленді», деді полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.
Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Полиция зардап шеккендердің кім екенін анықтады. Олар: 18 және 20 жастағы жас жігіттер», деді Әбілдин.
Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді