20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚарағандыдағы Достық үйінде өткен қоғамдық тыңдауда 10 көшенің атауын өзгерту туралы шешім қабылданды.
Қала әкімшілігі идеологиялық тұрғыдан ескірген бірқатар көше атауларын өзгерту қажет деп ұйғарды. Енді Қарағандының көшелері Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, жазушылардың, жергілікті қайраткерлердің есімімен аталатын болды.
Мыңнан астам адам қатысқан жиында көпшіліктің қолдауымен Ленин көшесі Абай атына өзгеріп, Ұлы Отан соғысы ардагері Камали Дүйсембековтың аты Волочаевская көшесіне берілді. Защитная көшесіне қоғам қайраткері, этнограф, фольклорист Григорий Потаниннің есімі беріліп, Зональная қазақ ұлттық музыкасын зерттеуші Александр Затаевичтің құрметіне аталды, Кривогуз көшесіне қазақ поэзиясының қайраткері Қасым Аманжоловтың есімі берілетін болды.
Сонымен қатар қолданыстағы Аманжолов көшесі Балқантау деп өзгертілді, Кувская көшесі Қазыбек Нұржановтың атымен, Олимпийсская Қарағанды қаласының құрметті азаматы Нарманбет Төлепов атына берілді. Ал, Приканальная көшесі Сарыарқа деп аталады.
Тыңдалымда әртүрлі пікірлер айтылып, талқыланды. Ленин атын қалдыру керек дегендер де болды. Дегенмен, өзгерту үшін көпшіліктің дауысы басым болды. Атау өзгеруін қолдап, топ ішінен суырылып өз ойларын ортаға салғандар ішінде «Алаш» Халықаралық сыйлығының иегері, ақын Серік Ақсұңқарұлы, мәдениет қайраткері Меруеш Башай, облыстық Ассамблея өкілдері Елизавета Седышева, Александр Урмашов және тағы басқалары болды.
«Менің атым Елизавета Седышева. Жастайымнан балалар ауылында тәрбиелендім. Тәрбиешілерімнің арқасында мен қазақ тілін тез меңгеріп алдым және қазір туған тілім деп есептеймін. Ұлтым орыс болғанымен, жаным қазақ. Шет елдік студенттер ұлы Абайдың әндерін шырқап, өзге елдер ескерткіш орнатып, көшелерін Абай атына беріп жатқанда кеудемді қуаныш пен таңданыс кернейді. Демек, Абайды әлем мойындады. Ал, Қарағанды - Абай атында көшесі жоқ Қазақстандағы жалғыз қала. Осы жиынға өзімнің азаматтық ойымды білдіруге келдім және Абай атындағы көше болғаны дұрыс деп есептеймін. Абай тағылымы – сан ғасыр өтсе де, маңызын жоғалтпайтын мықты рухтың көрінісі. Халқыммен мақтанамын»,-деп Елизвета қазақ тілінде тебіренгенде жиылған жұрт орнынан тұрып, шапалақ ұрды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?