20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМәжілістегі дөңгелек үстелде мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік жүйелерінің жай-күйі талқыланып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов депутаттардың тиісті заң жобасын дайындағанын атап өтті. Бұл заң жобасында бірнеше заң нормалары қарастырылған.
Мысалы, біздің айтып отырғанымыз әр 5 жыл сайын мектептердің, балабақша ғимараттарын сейсмикалық тұрғыда тексеру керек. Яғни, жалпы ғимараттардың қауіпсіздік талаптарын тексерген жөн. Екіншіден, күзет мекемелерімен келісімшарт мерзімі 1 жылға жасалады. Оны 1 жылдан 3 жылға созу мәселесін көтеріп жатырмыз. Үшіншіден, күзет қызметін сатып алу үшін мемлекеттік сатып алу шарттарын жеңілдетуді ұсындық. Қазіргі уақытта мектепті күзетпен қамтамасыз етуге 6 айдан 1 жылға дейін уақыт кетеді, -деді Асхат Аймағамбетов.
Ол сол уақытта мектептер ешқандай күзетсіз отырады деп айтты. Күзет ұйымдарына талаптарды Оқу-ағарту министрлігі мен Ішкі істер министрлігі бірге бекітсін. Қауіпсіздік мәселесі бойынша жауапкершілікті жергілікті әкімдікке жүктеуді заң жүзінде бекіту секілді ұсыныстар бар деп отыр.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?