20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАқтөбеліктер жойқын Түркия Республикасына өңірден 11 тоннаға жуық алғашқы гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды El.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Гуманитарлық көмек өңір басшысы Ералы Тоғжановтың тапсырмасына сәйкес жөнелтілген. Жүктің жалпы құны 30 миллион теңгені құрайды.
Әлия Молдағұлова атындағы Ақтөбе Халықаралық әуежайынан тиелген жүк Түркияның «MNG» әуе компаниясының ұшағымен Ыстанбұлға ұшты.
Гуманитарлық жүкте аса қажетті жылы киім-кешектер, азық-түлік, балаларға арналған тағамдар, төсек-орын жабдықтары, тұрмыстық және жеке гигиеналық заттар бар.
Қайырымдылық шарасына Ақтөбе облысының тұрғындары мен волонтерлері, «Анвар», «Дина», «Рамазан», «Глобал Спецодежда», «A-Textile», «Life4JOB» сияқты ірі кәсіпкерлік субъектілері үлес қосты. Барлық тауарларды жинау, қаптау жұмыстары қалалық Достық үйінде ұйымдастырылды.
Алдағы аптада Түркияға Түркістан, Маңғыстау облыстары мен Шымкент қаласынан гуманитарлық көмек көрсетіледі. Жүк Ақтөбе қаласының Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайы арқылы жөнелтіледі.
“Жұмыла көтерген жүк жеңіл” демекші, Ақтөбе өңірінің тұрғындары түрік бауырлармен бірге. Облыс әкімдігі Түркия Республикасының Үкіметі мен халқына көңіл айта отырып, қолдау көрсетуді жалғастырады.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?