Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАқтөбелік тұрғын алаяққа алданып қалды. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
37 жастағы ақтөбелік әйел Instagram арқылы «eGov қызметтерімен және несие тарихын тазартумен айналысамыз» деген хабарламаны тапқан. Хабарламада көрсетілген телефон нөміріне қоңырау шалған әйелге оның несие тарихын 20 күннің ішінде тазартып беретіні айтылған. Бұл үшін жәбірленуші өз қызметін ұсынған әйелге мобильді қосымша арқылы 40 мың теңге сомасында ақша аударған. Соңында ақтөбелік әйел қызметті де, өз ақшасын да ала алмаған.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында осы қылмысты жасады деген күдікпен Ақтөбе қаласының 31 жастағы тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді.
Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті бейтаныс адамдарға ақша аудармауды, күмәнді және заңсыз қызметтерді ұсынғанғандарға сенбеуді ескертеді.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары