15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыАқтөбе облысы ТЖД «Қазхром» ТҰК «АҚ» «Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» шахтасының аумағында оқу-жаттығу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық әкімдіктің мәліметінше, онда жер астында 480 метр тереңдікте «КӘАҚҚ РО» ЖШС құтқару құрылымдарымен 3 сценарий бойынша: тау-кен қазбаларының құлауы, өрт және судың жарылуы сияқты авариялық жаттығулар жүргізілді.
Оқу-жаттығу және дайындықтың барысында қызметкерлердің іс-әрекеттері, сондай-ақ зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету және эвакуациялау бойынша құтқару құрылымдарының іс-әрекеттері пысықталды, сондай-ақ өртті сөндіру және судың жарылуын болдырмау бойынша іс-шаралар жүргізілді.
Іс-шараға Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері, өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің және Хромтау ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің өкілдері қатысты.
Бұл оқу-жаттығулар техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою жөніндегі іс-қимыл жоспарының және күштер мен құралдардың міндеттерді шешуге дайындығы, техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда адамдарды қорғау тәсілдерін жетілдірудің шынайылығын тексеру мақсатында өткізілді.
15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады