20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАқтөбе облысының Мұғалжар ауданында науқасты ауруханаға жеткізу үшін құтқарушылар 18 шақырым жаяу жүрген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, олар 18 шақырым бойы трэкол жол талғамайтын көліктің алдына шығып жол көрсеткен. Құтқарушылардың бірі Ақдәулет Әлидің айтуынша, Қандыағаш қаласындағы бөлімге Еңбек ауылдық округі, Басшилі елді мекенінде 73 жастағы әйел адамның ауыр халде жатқаны туралы хабарлама түсіп, оны аудандық ауруханаға жеткізу керек болды.
Трэколмен шықтық. Ауа райының қолайсыздығынан көлік алдына екі адамнан кезектесіп шығып, жүгіріп отыруға тура келді. Өйткені, қарға адым жерді көру мүмкін емес еді. Мұндай жағдайлар болып тұрады. Ерлік жасадық деп айта алмаймын. Бұл біздің міндетіміз, - деді ол.
Ақтөбе облысында бірнеше күннен бері боран ұлып тұр. Жолда қалғандарды құтқаруға ТЖД, полиция бөлімі, әскери бөлімдер және жергілікті атқарушы органдар, еріктілер жұмылдырылған.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?