10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАқтөбе облыстық мамандандырылған физика-математика лицей-интернатының 10-сынып оқушылары Мерей Саламатқызы мен Даниал Жақсылық спиральді галактиканың компьютерлік және электрлік моделін әзірледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Даниал мен Мерей — көптеген ғылыми зерттеу жарыстарына қатысып жүрген жас өнертапқыштар. Осындай додалардың бірінде спиральді галактиканың компьютерлік және электрлік моделін жасау туралы идея туады.
Спиральды галактикалардың пайда болуының перколяциялық процестерді модельдеу әдістерін зерттеп және олардың физиканың әртүрлі салаларында көрінуінің әмбебаптығын көрсеттік. Бұл жобада Монте-Карло әдісі арқылы Шульман мен Сейден ұсынған галактикалардың пайда болуының перколяциялық процесі модельденіп, галактикалардың перколяциялық эволюциясының компьютерлік моделі жасалды. Бағдарлама заманауи графикалық құралдарды қолдана отырып, Visual Basic for Application тілінде Excel ортасында еептелді, - дейді жас өнертапқыштар.
Атап өте керек, республикалық ғылыми жобалар конкурсының ІІ орын жеңімпаздары, сондай-ақ Астана қаласында өткен «Ғылым әлемін ашамыз» халықаралық ғарыштық зерттеулер жарысының жүлдегерлері.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді