Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАқтөбе қаласына тағы бір спортшы әкім келді. Енді қаланы бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Азамат Бекет басқарады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
2000 жылдардың басында ол бокстан ұлттық құраманың мүшесі болды, ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде (қаржы полициясы) жұмыс істеді. Қаржы полициясының капитаны атағы бар.
2016 – 2018 жылдары Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымдарында қызмет атқарған.
2018 – 2020 жылдары Атырау облысы Жылыой ауданының әкімі болып еңбек еткен.
2020 – 2021 жылдары Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
2021 жылдың ақпан айынан Ақтөбе облысының Хромтау ауданының әкімі лауазымын атқарып келді.
Бір қызығы, Ақтөбе қаласын 2020-2022 жылдары самбодан үш дүркін әлем чемпионы Асхат Шахаров басқарған еді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?