Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде 10-11 сынып оқушыларына арналған «Study in Kazakhstan» ауқымды көшпелі білім беру көрмесінің екінші күні өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, көрмеге 3 мыңға жуық оқушы мен олардың ата-аналары қатысты.
Көрме барысында олар жетекші қазақстандық университеттер мен шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары өкілдерімен тікелей сұхбаттасып, оқуға түсу шарттары, білім бағдарламалары, 2025 жылғы ҰБТ ерекшеліктері және гранттар туралы толық ақпарат алды, - делінген мәліметте.
Сонымен қатар оқушылар ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев, Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан және MDSG жобасының батыс аймағындағы жоба жетекшісі Еркін Есеркеповпен кездесіп, іс-шараның маңыздылығы мен мамандық таңдау бойынша құнды кеңестер алды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді