Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАқтөбе облысы әкімдігінің алдындағы алаңда Әуе қорғанысы күштері әскери институтының түлектерін шығарып салуға арналған салтанатты рәсім өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Салтанатты іс-шараға Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов, құрметті қонақтар мен түлектердің туыстары қатысты.
Әскери оқу орнын барлығы 89 жас лейтенант бітіріп отыр. Оның 31-і ұшқыш, 58-і инженер мамандығын алған мамандар. Түлектерге алғашқы офицерлік атақ берілді. Жас офицерлер елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға елеулі үлес қосатын білікті маман ретінде қызметке кірісуге дайын.
Бұл оқиға Қарулы күштер үшін ғана емес, бүкіл еліміз үшін маңызды болып отыр. Өйткені әскери кадрларды толықтыру мемлекеттің тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің кепілі болып табылады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?