7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Ақтөбе қаласындағы инженерлік-энергетикалық кешен нысандары қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өңір басшысы 43 тұрғын үйді, жеті бюджеттік ұйымды жылумен қамтамасыз етіп отырған «Қазандық» ЖШС қазандығына барды. 1975 жылы пайдалануға берілген нысанда 2022 жылы қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл Әуе қалашығы тұрғындарын жылумен қамтамасыз ету мәселесін шешкен-ді. Қала әкімі Азамат Бекеттің айтуынша, қазіргі уақытта нысан штаттық режімде жұмыс істеп тұр.
«Ақтөбе Сити» және «Ақтөбе Сити 2» қазандықтары Есет батыр тұрғын үй алабының төрт шағын ауданында тұрғын үй құрылысының қарқынды жүріп жатқанына байланысты шамадан тыс жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта «Ақтөбе Сити 2» қазандығының жабдықтарын жинақтау мәселесі өзекті болып отыр. Асхат Шахаров мәселені зерделеуді және қысқа мерзімде шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.
Сонымен қатар, облыс әкімі «Aqtobe su-energy group» АҚ болып, кәсіпорынның бас директоры Қуандық Қасымовтың Ақтөбе қаласын жылумен жабдықтау туралы баяндамасын тыңдады. Қасымовтың мәлімдеуінше, жылыту маусымы штаттық режімде, ауыр апаттарсыз және технологиялық ақауларсыз өтуде.
Естеріңізге сала кетейік, биыл Ақтөбеде жылыту маусымына дайындық аясында 25 қазандыққа, 5,2 шақырым жылу, 14 шақырым су құбыры-кәріз және 59 шақырым электр желілеріне, 338 әлеуметтік нысанға ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізілді.
Ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты қала тұрғындары тарапынан пәтерлердің суықтығына қатысты шағымдар көбейді, әлеуметтік нысандар бойынша да шағымдар бар. Барлық шағымдарға Aqtobe su-energy group және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мамандары жауап беруде. Олар үйлердің инженерлік коммуникацияларын тексереді, себептерін анықтайды, иелерімен түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Жылу жүйесінің әр учаскесінде коммуналдық қызметтер немесе көпқабатты үйлердің тұрғындары және оларға қызмет көрсететін ұйымдар болсын, күтіп-ұстауға жауапты меншік иесі бар екенін түсіну қажет. Егер жеке меншік иелеріне коммуналдық қызметтер тарапынан көмек қажет болса, біз қолұшын беруге дайынбыз, - деп атап өтті Асхат Шахаров.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?