Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАқтөбе облысында жұмысқа орналаспақ болған тұрғындар алаяққа алданып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ақтөбе облысының полициясына бірнеше тұрғын алаяқтық туралы арызданды. Жәбірленушілердің айтуынша, осы жылдың тамыз айында белгісіз жігіт мұнай-құрылыс компаниясына вахталық әдіспен жұмысқа орналастыруға уәде беріп, олардың ақшаларын иемденген.
Жәбірленушілер күдіктіге 70 мыңнан 150 мың теңгеге дейін берген. Полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен Атырау облысының 25 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.
Күдіктінің алаяқтықтың үш фактісіне қатысы бар екені анықталды. Жәбірленушілер бұдан да көп болуы мүмкін. Алаяқтық фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер