Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАқтөбеде оқушы автобустың еденін жууға мәжбүр болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Ақтөбеде болған оқиғаны өз бақылауына алғанын хабарлады.
Бала құқықтарының мұндай өрескел бұзылуына жол беруге болмайды. Комитет бұл әрекетті заңға қайшы деп санайды. Комитет оқиғаға құқықтық баға беру үшін Бас прокуратураның араласуын, сондай-ақ уақытылы шара қолданбаған қала әкімшілігінің әрекетсіздігі бойынша тергеу жүргізуді талап етеді. Біз кінәлілерге қатысты тиісті шараларды қабылдаудың маңыздылығын атап өтіп, қоғамдық көліктерде балалардың құқықтарын сақтауды қатаң бақылауды күшейтуге шақырамыз, - делінген хабарламада.
Еске салайық, Ақтөбе қаласының тұрғыны әлеуметтік желі арқылы 27 қаңтар күні баласының үйге кеш келгенін, жолақысын төлемеген соң автобус жүргізушісі оған еденді жуғызғанын айтып, көмек сұрады. Осы оқиғадан соң полицияға арыз да түсірген.
Полицияға арыз түсті. Қазіргі кезде тергеу жұмыстары жүріп жатыр, - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?