Бүгiн, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қырыАқтөбе облысы әкімдігі жанындағы Жастар істері жөніндегі кеңес отырысы өтті. Өңір басшысы Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен басқосуға жоғары оқу орындарының, жастар және волонтерлік ұйымдардың, мемлекеттік органдардың өкілдері, кеңес мүшелері қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыс әкімі өз сөзінде жастардың қоғамдағы рөлі, өңірде олардың жан-жақты дамуына, білім алуына жасалып жатқан жұмыстар туралы айтты. Келер жылы жастарды қолдау саясаты басқармасы қайта құрылады.
Өңірімізде 266 мыңнан астам жас бар. Жыл сайын жастар саны артып келеді. Жаңа басқарма жастардың келісті пікірлерін тыңдап, көтерген мәселелерін шешуге, идеяларын іске асыруға бар күш-жігерін салады. Біздің алдымыздағы маңызды міндет - жастарды елдің қоғамдық өміріне тарту және азаматтық ұстанымын қалыптастыру, - деді Асхат Шахаров.
Кеңестің күн тәртібіне сәйкес, «Жасыл ел» еңбек жасағының Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Н.Шаңғытбаев, «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы, жастар көшбасшысы Ә.Тыныштық, «Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауына қатысушы, «RaiMan» робототехника орталығының негізін қалаушысы А.Испулова сөз сөйледі.
Сондай-ақ, кеңес мүшесі, жас кәсіпкер Н.Мәуленұлы облыс әкіміне ақтөбелік жастарды баспанамен қамтуға мүмкіндік берген «Ақтөбе жастары» жобасын жалғастыру, «Ауыл аманаты» жобасы аясында жастарды қолдау туралы ұсынысын жеткізді. Асхат Шахаров салалық орган өкілдеріне отырыста көтерілген бастамалар бойынша нақты тапсырмалар берді.
Жастар кеңесі аясында облыс басшысы «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты табыстады. Биыл Ақтөбе облысының жастары «Білім және ғылым», «Мәдениет және өнер», «Бизнес және кәсіп», «Медиа», «Ақпараттық технологиялар», «Волонтерлік» бағыттары бойынша 136 жоба тапсырған. Комиссия мүшелері жобалардың әлеуметтік маңыздылығы мен бірігейлігін бағалап, 136 құжаттың ішінен 30 жеңімпазды анықтады. Сол үздік деп танылған 30 жеңімпаз 300 мың теңге көлемінде грантқа ие болды.
Бүгiн, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?