Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАқтөбе полицейлері үш зейнеткерді алдаған жас жігітті ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ІІМ мәліметінше, алданған зейнеткерлер 83, 87 және 90 жаста. Алаяқ құрбандарына жақын туысының жол-апатына түскенін айтып алдап, осы мәселені шешуде қол ұшын созатынын айтқан. Нәтижесінде егде жастағы жәбірленушілер жиналған барлық жинағынан айырылып, жалпы шығын 5 млн теңгеден асты.
Жедел-тергеу іс-шаралары барысында Ақтау қаласының 18 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 4-тармағының 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі - «ірі мөлшерде, екі және одан да көп адамға қатысты алаяқтық», - делінген мәліметте.
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілуге жатпайды.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады