Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАқтөбе облысының Темір ауданы бойынша су тасқынынан келген материалдық шығын көлемін анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыс әкімі Асхат Шахаров су тасқыны жағдайы тіркелген Темір ауданының Шұбарқұдық ауылына барды. Өңір басшысы Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерлан Нұрпейісов, департамент басшысы Нұрғали Жүнісовпен бірге ауылды аралап, ахуалмен танысты.
Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта ауылда су деңгейі түскенімен, жаңбыр жауып тұр. Аудандық су тасқынына қарсы штаб мәліметінше, 5үйге су кірген, 7 көшені және 34 ауланы су басқан.
Ахуалды тұрақтандыру үшін әскери қызметшілермен қосқанд 200-ден астам адам мен 34 техника жұмыс істеп жатыр. Су айдау жұмысы мен ағыстың бағытын бұру, бөгеу ісі қарқынды. Сондай-ақ, қосымша көмекке Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің 52 қызметкері келді. 5 техника және 8 су соратын мотопомпа жеткізілді,-делінген мәліметте.
Аймақ басшысы тұрғындармен кездескенде арнайы комиссия жұмыс істеп бастағанын, төтенше жағдай жарияланбаса да, үйлеріне зақым келген тұрғындарға жан-жақты көмек көрсетілетінін жеткізді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?