19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Ақтөбелік полицейлер тәулік ішінде шіркеуде болған қайырымдылық қорапшасының ұрлығына қатысты қылмысты ашты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
3 тамыз күні сағат 15:00 шамасында М.Мәметова көшесіндегі Әулие-Николай соборының шіркеуінде белгісіз адамдар үй-жайға кіріп, қайырымдылық қорабын сындырып, 20 мың теңгеге жуық ақша ұрлап кеткені туралы хабарланған еді.
Полиция қызметкерлері дереу оқиға орнына барып, аумақты тексерді және куәгерлерден жауап алды.
Тәртіп сақшылары шіркеуде орнатылған бейнекамералардың көмегімен тәулік ішінде күдіктінің жеке басын анықтап, Мұғалжар ауданының 30 жастағы тұрғынын ұстады, - деп жазылған ІІМ таратқан ақпаратта.
ҚР ҚК 188- бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Сондай-ақ ұсталған адамның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары