20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАқтөбе қаласының №2 сотында бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақтөбе қаласының прокуратурасы жүргізген тергеу барысында Ақтөбе қаласының Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және цифрлық технологиялар орталығының директоры жеке кәсіпкермен алдын ала сөз байласып, мемлекеттік сатып алу аясында жол таңбаларын салу бойынша 272 млн теңгеден астам сомаға жалған келісімшарт жасағаны анықталды. Алайда іс жүзінде жұмыстар орындалмаған, ал ұрланған қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылып, иемденілген. Нәтижесінде мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтірілген.
Осы факті бойынша ҚК 189-бабының 4-бөлігі 2) тармағы (сеніп тапсырылған мүлікті қызметтік жағдайын пайдалана отырып, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы болып аса ірі мөлшерде иемдену немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - делінген прокуратура мәліметінде.
Іс сотқа жолданды.
Сот ұсынылған дәлелдемелерді қарап, мемлекеттік айыптаушының ұстанымын ескере отырып, сотталған тапсырыс берушіні мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, ал мердігерге кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан 10 жылға айыра отырып 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, - деп қосты прокуратура.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?