10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАқтөбеде полиция велосипед ұрлаған жігітті ұстады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жазғы маусымның басталуымен Ақтөбе қаласында велосипед ұрлығы жиілей түсті. Көп жағдайда қылмыскерлер иелері қараусыз қалдырған әрі құлыппен бекітілмеген көліктерді нысанаға алады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 18 жастағы қала тұрғынын анықтап, ұстады. Тергеу кезінде оның кем дегенде бес велосипед ұрлығына қатысы бар екені белгілі болды. Ол көліктерді көшелерден жасырын түрде алып кетіп, кездейсоқ адамдарға төмен бағамен сатып келген.
Оқи отырыңыздар:
Тәркіленген барлық велосипедтер табылып, иелеріне қайтарылды. Қазіргі таңда аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Полиция азаматтарға мүліктік қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға шақырады.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді