6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАқтөбе облысында жаңа экологиялық жоба — «Мектеп орманшылығы» жобасы басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл жоба «Таза Қазақстан» республикалық акциясының заңды жалғасы саналады және өскелең ұрпақтың қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруды мақсат етпек.
Бұл жоба сіздер сияқты болашақ ұрпақ үшін табиғатты қорғау, ормандарды сақтап қалу және табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастырудың маңызды қадамы. Сіздер осы жобаның қатысушылары ретінде тек табиғатқа қамқорлық жасай отырып, өздеріңізге ғана емес, бүкіл Ақтөбе облысының жасыл келешегіне зор үлес қосасыздар. Әрбір отырғызылған ағаш — ертеңгі күннің бір бөлшегі, таза ауаның, қолайлы ортаның көзі. Бұл жоба сіздерге табиғатты қорғаудың маңызын тереңірек түсінуге көмектеседі. Отырғызған ағаштарыңызға қамқорлық таныта отырып, сіздер жауапкершілікке, ұқыптылыққа және қоршаған ортаға құрметпен қарауға үйренесіздер. Әрбір көшетті күтіп, суарып, оның өсуін бақылауға тырысу қажет. Бұл — еңбектеріңіздің жемісі болып, өңірімізді жасыл, әдемі әрі таза етеді, — деді облыс әкімі.
Айта кету керек, Ақтөбе облысы — балаларға экологиялық тәрбие беруді осындай практикалық әрі ауқымды түрде жүзеге асырып отырған алғашқы өңір.
«Мектеп орманшылығы» жобасы өңірдегі білім беру мекемелері мен орман шаруашылығы ұйымдарының бірлесуімен жүзеге асырылуда. Әр мектепке мемлекеттік орман қорынан нақты учаскелер бекітіледі. Бұл учаскелерде оқушылар тек жасыл желектер отырғызып қана қоймай, оларды күтіп-баптауды да үйренеді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі