Кеше, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?Ақтөбе қаласының мектептерінде терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау дерегі бойынша полиция қызметкерлерімен жақын шет елдердің бірінің 18 жастағы тұрғыны анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өңірдегі жағдай – құқық қорғау органдарының бақылауында болғандықтан алаңдауға ешқандай негіз жоқ. Сондай-ақ, өзге ақпараттар қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес қылмыстық істі тергеуге қатысты жария етуге жатпайды.
Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желілерде Ақтөбе қаласындағы мектептерде қылмыс жасау қаупі туралы хабарлама таралғаннан кейін полиция оқу орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, оның ішінде бейнебақылау жүйесі арқылы және олардың маңына полиция жасақтарын көбейту арқылы күшейткен болатын. Сондай-ақ, білім беру ұйымдарында өткізу режимі бақылауға алынды.
Жыл басынан бері шетелде таралған осындай бірқатар жалған хабарламаларды ескере отырып, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу барысында осы ақпаратты таратқан адамдарды анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізілді.
Кеше, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай