Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАқтөбеде Владимир Дворковичті еске алуға арналған "Aktobe Open 2025" халықаралық шахмат фестивалі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz интернет порталы.
Жарысқа 20 елден келген 311 шахматшы қатысты. Турнир 22-30 маусым аралығында «АСЕ» теннис орталығында өтті. Ұйымдастырушылар – ФИДЕ және Қазақстан шахмат федерациясы. Қолдау көрсеткендер – Туризм және спорт министрлігі мен Ақтөбе облысының әкімдігі.
Фестиваль үш турнирден тұрды: Masters (рейтингі 2400 және одан жоғары), Challengers (рейтингі 1900-2399), және Open (рейтингі 1400-1899). Барлық жарыс швейцариялық жүйе бойынша 9 турда, классикалық уақыт бақылауымен өтті (әр партияға 90 минут + әр жүріске 30 секунд қосылады).
Владимир Дворковичті еске алу турнирі – классикалық шахмат бойынша Қазақстан кубогының алғашқы кезеңі болды. Келесі кезеңдер Өскеменде (Oskemen Open, 21-29 шілде), Қонаевта (Almaty Region Open, 4-12 тамыз) өтеді. Кубок финалы 9–19 қараша аралығында өтеді.
Қатысушылар жоғары деңгейдегі ойын көрсетті, ал көрермендер қызықты партияларға куә болды.
Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды