10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАқтөбе қаласында бір сәтте екі көлік жанып кетті. Екеуі де отқа оранып түгі қалмаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ке сілтеме жасап.
Ақтөбе қаласы Әлия Молдағұлова даңғылында орналасқан гипермаркеттің автотұрақ алаңында көлік өртенді. «Lexus RX» маркалы жеңіл автокөлігі жанып, кейін газ құрылғысы гүрс етіп жарылды.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, көлік өртенгенде жүргізуші алдымен өз күшімен сөндірмек болған. Өрт сағат 19:30-да сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Сонымен бірге Самара - Шымкент тасжолында жеңіл көлік өртенді.
Сағат 18:45-те Ақтөбе қаласы Алматы ауданы Рауан тұрғын алабында «УАЗ Патриот» маркалы жеңіл автокөлігі толықтай өртенді. Өрт сағат 18:53 оқшауландырылып, 18:55 сөндірілді Өрттің шығу себебі мен шығындары анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ,- деп хабарлады облыстық ТДЖ баспасөз қызметі.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді