29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАқтөбеде дүкеннен киім ұрлаған әйел ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
11 қыркүйекте сағат 15:00-да белгісіз әйел Ақтөбе қаласындағы сауда-ойын сауық кешендерінің біріндегі киім дүкенінен 2 сөмке, 2 әйелдер шалбары, спорттық шалбар және 3 әйелдер күртешесін ұрламақ болған. Дүкен иесіне келтірілген залалдың жалпы көлемі 60 мың теңгеге жуық сома.
Бейнекамералардың көмегімен аталған қылмыстың уақтылы жолы кесілді. Тексеру барысында полиция қызметкерлері өзіне тегін сауда ұйымдастырмақ болған әйел Ақтөбе қаласының 53 жастағы тұрғыны екенін анықтады.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі, 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті кінәсін мойындады. Заттай айғақтар алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек