Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАқтөбе облысында жалған шот-фактура жазып беру арқылы қомақты қаржы жымқырған ЖШС-ның әрекеті әшкереленді, деп хабарлады El.kz ақпараттық агенттігі.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, ЖШС атынан жұмыстарды, қызметтерді көрсетуді және тауарларды жөнелтуді нақты орындамай, шот-фактураларды жазып беру фактісі бойынша агенттіктің Ақтөбе облысы бойынша департаменті сотқа дейінгі өндірісті тіркеген.
"Облыстық МКД қорытындысы бойынша контрагент-сатып алушының бюджетке төлеуге тиіс шығыны 164 млн теңгеден асты.Тергеу барысында анықталғандай, аталған ЖШС тіркеу орнында жоқ, ал құжат бойынша басшысы Ю.В. Авдониннің қазір қиын өмірлік жағдайдағы адамдарды әлеуметтендіру орталығында тұратынын және серіктестіктің қаржы-шаруашылық қызметіне еш қатысы жоқ екенін көрсетті", – делінген хабарламада.
Сот шешімімен ЖШС-ның мемлекеттік тіркеуі жарамсыз деп танылды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді