Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАқтөбедегі орталық базар ауданындағы шайханада жаңа туған бала табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Оқиға орнына келген ювеналдық полиция бөлімінің қызметкерлері таңертең сағат 10.00-де бейтаныс қыздың 3 апталық нәрестені шайханаға тастап кеткенін анықтады. Қыз шайханадағы әйелге барып ақша алып келгенше балаға бірнеше минут қарай тұруын өтінген. Кешке дейін күткен әйел баланы тастап кеткен қыз келмеген соң полицияға қоңырау соққан.
Нәресте полиция бөліміне жеткізіліп, жедел медициналық бригада шақырылды. Дәрігерлердің айтуынша баланың жағдайы бір қалыпты. Ақтөбе қаласы №3 ҚПБ ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімінің инспекторы Жаннур Абдоллаева баланың жаялықтарын ауыстырып, тамақтандырып, сәбилер үйіне жеткізді.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады