10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАстана күні мерекесінде Ақтөбе қаласында 19 сәби жарық дүние есігін ашты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда күні өңірдің перинаталдық орталықтарында 19 сәби дүниеге келсе, оның ішінде 11-і - қыз және 8-і - ұл сәби бар.
Аймақ әкімі облыстық перинаталдық орталыққа барып, аналарды балаларын дүниеге аман әкелуімен арнайы құттықтаған. Мұнда бүгін 5 қыз және бір ұл туғаны айтылды.
Медина - Қаракөз Ешниязованың көптен күткен қуанышы, тұңғышы екен. Жанерке Серік пен Аида Хайруллина көпбалалы отбасы атанғанын атады.
«Бүгін сіз және сіздің отбасыларыңыз үшін қос мереке. Сіздерге және жаңа туған нәрестелерге зор денсаулық, бақыт, амандық тілеймін. Балалар еліміздің мақтанышына айналсын», - деп ақжарма тілегін білдірген өңір басшысы аналарға сыйлықтар табыс етті.
Астана күнін мерекелеу аясында өңірде 100-ден астам мерекелік шара ұйымдастырылған. Ақтөбедегі алаңдар мен саябақтарда дәстүрлі мерекелік бағдарламалардан бөлек, облыс тұрғындары мен қонақтары көрмелерге, жәрмеңкелерге, концерттік бағдарламаларға қатыса алады.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді