Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАқтөбеде алаяқтықпен айналысқандарға сот үкімі шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақтөбе қаласының №2 сотында екі немесе одан да көп адамға қатысты алаяқтық жасау дерегі бойынша қылмыстық іс қаралды. Полиция қылмыстық істі тергеп-тексеру барысында 2022-2023 жылдар аралығында Ақтөбе облысының екі тұрғыны азаматтарды Атырау облысында орналасқан мұнай компаниясына вахталық әдіспен жұмысқа орналастыруға уәде етіп, алдау жолмен әр жәбірленушіден 50-700 мың теңге аралығында ақша алғанын анықтады.
Нәтижесінде күдіктілер ұсталып, олардың 172 жәбірленушіден жалпы сомасы 40 миллион теңгеге жуық ақша қаражатын иемденгені белгілі болды. Сотталушылардың кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың жауаптарымен, заттай айғақтармен, сот-экономикалық сараптама қорытындысымен, қылмыстық істегі басқа да дәлелдермен толық расталды.
Нәтижесінде сот үкімімен сотталушылар алаяқтық жасауға кінәлі деп танылып, бірі 6 жылға, екіншісі 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар сотталғандарға коммерциялық ұйымдарында лауазымдарды атқару құқығынан айыру түріндегі қосымша жаза тағайындалды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?