Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАқтөбе қаласында донер дүкенін ашқан кәсіпкер жауапқа тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Әлеуметтік желіде Ақтөбе қаласында жаңадан ашылған донер дүкені маңына жүздеген адамның жиналып, бір-бірін таптап кете жаздаған видеосы тарады.
Белгілі болғандай, кәсіпкер әлеуметтік желі арқылы дүкеннің ашылуына орай тағамның тегін таратылатынын хабарлаған. Кеше сағат 14:00-де сауда орнының ашылуы болып, оған бірқатар блогер шақырылған. Видеодан шараға жиналған адамдар қарасы қалың екенін көруге болады. Жастардың топ-тобымен жүріп, бір-бірін таптап өтуге шақ қалған.
Полиция осы оқиға байланысты әкімшілік іс қозғалғанын мәлімдеді.
ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 505-бабы бойынша хаттама толтырылды. Кәсіпкерге 55 мың теңге айыппұл салынды, - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер