Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАқтөбе полицейлері ресейлік құқық қорғау органдарынан 24 жыл бойы жасырынған қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
ІІМ мәліметінше, криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері үш адамды өлтіргені және қарақшылық шабуыл жасағаны үшін өз елінде іздеуде жүрген Ресей Федерациясының 56 жастағы азаматын ұстады.
Ол 1999 жылдың күзінде Орынбор қаласында адамдар тобымен (бұрын сотталған және ұсталған 3 адаммен) алдын ала сөз байласып, қаржылай пайда табу мақсатында 3 азаматқа қарақшылық шабуыл жасап өлтірген және қылмыс іздерін жасыру үшін олардың мәйіттері өртеп, көміп тастаған, - делінген мәліметте.
Қазіргі уақытта ұсталған адам тергеу изоляторына қамалды. Оны Ресей Федерациясына экстрадициялау мәселесі шешілуде.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?