Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАқтөбе қаласындағы Елек өзеніне 15 жастағы бозбала суға батып кетті. Ол тыйым салынған аумаққа шомылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға бүгін сағат 18:55-да тіркелді. 112 құтқару қызметіне Ақтөбе қаласы Алматы ауданы Елек өзені бойында 15 жастағы бозбаланың суға батып кеткені туралы хабарлама түсті.
Сүңгуірлер жағадан 50 метр қашықтықта, 3 метр тереңдіктен 2006 жылы туған жасөспірімнің денесін шығарды. Алдын ала ақпарат бойынша 15 жастағы жасөспірім рұқсат етілмеген жерге суға түскен. Жыл басынан бері қалада 8 адам суға кетті. Оның бесеуі кәмелет жасқа толмаған бала,- деді қалалық ТЖБ бастығы Айбат Жаңабергенов.
Еске салсақ, өткен аптада Ақтөбе қаласы Алматы ауданы Ақжар-1 ауылындағы көпір қасында 2 адам суға кетті. Оқиға орнына құтқарушылар жіберілді.
19 және 20 жастағы азаматтардың денесін сүңгуірлер 3 метр тереңдіктен шығарды. Алдын ала ақпарат бойынша олар рұқсат етілмеген жерге суға шомылған, - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады