Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрАйдос Хамиев Ақтөбе қаласы әкімінің міндетін атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа әкімнің жасы 38-де. Ақтау қаласында туған. Маман, бас маман, ҚР Құрылыс және ТКШ істері агенттігі басқармасының басшысы, СҚО бойынша МТК департаменті директорының орынбасары, Жамбыл және Ақмола облыстары бойынша МТК департаментінің директоры, Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімінің орынбасары, Маңғыстау облысы құрылыс басқармасының басшысы, Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі секілді қызметтер атқарған.
2023 жылғы қаңтардан бастап Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары.
Бұған дейін қала әкімі болған Мұрат Жөребеков басқа қызметке ауысуына байланысты қызметінен кеткен болатын.
Бүгін мен сіздермен Ақтөбе қаласының әкімі лауазымындағы қызметімді аяқтағаным жайында және орталыққа басқа жұмысқа ауысатыным туралы жаңалығыммен бөлісіп отырмын. Туған қалам – Ақтөбеме қызмет қылу мен үшін биік мәртебе, зор жауапкершілік, үлкен тәжірибе мектебі болды. Өңір басшысы Ералы Лұқпанұлына, барлық әріптестерге ризашылығымды білдіремін. Қолдау көрсеткен барша Ақтөбе халқына алғысым шексіз, - деді Жөребеков.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова