19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Ақтөбе полицейлері көліктен аккумулятор ұрлаған азаматты құрықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2 карашада белгісіз адам Ақтөбе қаласы Кобозев көшесіндегі үйдің жанында Ваз-2110 автокөлігінің капотын ашып, аккумуляторды жасырын ұрлап кеткен. Автокөлік иесі кешке көлігін үйдің жанына қойып, таңертең аккумуляторының ұрланғанын бір-ақ білген. 26 жастағы ақтөбелікке келтірілген шығын көлемі 35 мың теңгені құрады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 26 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады, - делінген Ішкі істер ведомствосы таратқан хабарламада.
Ұрлық фактісі бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті кінәсін мойындады.
Ұрланған аккумулятор тәркіленді. Тергеу жүргізіліп жатыр.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары