22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАқтөбе облысында Қобда ауданында салынған жаңа бөгеттер тасқын кезінде үлкен су ағынын ұстап қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қобда ауылы Сауқайын өзенінің маңындағы бөгеттің құрылысы аяқталды. Осы құрылымның арқасында бұрын қауіпті аймақта болған үйлер мен ауылшаруашылық жерлері тасқын судан аман қалған.
Жергілікті тұрғындар сапалы салынған бөгет көктемгі су тасқынына сәтті төтеп беріп, төтенше жағдайдан сақтап қалғанын айтады.
Біз биыл ғана салынған жаңа бөгеттің басында тұрмыз. Жұмыстың сапалы орындалғаны бірден көрінеді. Көктемде Сауқайын өзенінен көп су келіп, барлық саласы Қобда өзеніне қарай ақты. Су деңгейінің көтерілгенін көрдік, бірақ бөгет су ағынын сенімді түрде ұстап тұрды. Былтыр аудан әкімдігі құрылысқа ең жақсы орынды таңдау үшін ауылдағы аға буынға, ақсақалдар кеңесіне жүгінді. Талқылаудан кейін олар дәл осы жерде салуды шешті және байқағандарыңыздай бұл дұрыс шешім болды. Бөгет алғашқы ауыр сынақтан өтті, үй-жайымызды болашақта да қорғайтынына сенімдіміз, - дейді Қобда ауылының тұрғыны Есаман Төреев.
Қобда ауданында су тасқынының алдын алу үшін ауқымды іс-шаралар жүргізілді. 192000 текше метр су сорылды, 41000 текше метр қар шығарылды, 1000 тонна инертті материалдар жеткізілді және 15000 қап төселді. Жұмыстарға 69 бірлік техника мен 308 адам жұмылдырылды.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев