Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАқтөбе облысының Хромтау ауданындағы Қопа ауылында жұрт асыға күткен жаңа спорт кешені ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ауыл жастары енді спорттың түр-түрімен айналысып, бос уақыттарын тиімді өткізе алады. Жаңа кешеннің ашылу салтанатында аудан әкімі Нұрхан Тлеумұратов тқрғындарды құттықтады.
Аудан спортының болашағы – бүгінгі жастарымыздың қолында. Біз Қопа ауылынан болашақ чемпиондар шығып, ауданымыздың ғана емес, тұтас еліміздің намысын халықаралық додаларда қорғайтынына кәміл сенеміз. Бүгінгі қуанышты күнде баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге сәттілік тілеймін, - деді аудан басшысы.
Жаңа спорт кешені заманауи талаптарға сай салынып, толық жабдықталған. Мұнда баскетбол, волейбол, күрес, шағын футбол алаңдары мен жаттығу залдары қарастырылған. Сондай-ақ, кешен аумағында футбол алаңы мен воркаут аймағы орнатылып, барлық спорттық құрал-жабдықтар жаңартылыпты.Спортшылар волейбол, футбол және күрес алаңдарында алғашқы жаттығуларын бастап кеткен.
Спорт кешенінің ашылу рәсіміне ауыл тұрғындары, аудан әкімі және облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Шыңғыс Шоқпытов қатысып, өзінің құттықтау тілегін жеткізді.
Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың мамыр айында басталып, желтоқсанда толық аяқталды. Жобаның жалпы құны - 452,8 миллион теңгені құрады. Спорт кешенінің жаттықтырушысы Ұлықбек Қалиолла жаңа нысан жасөспірімдер мен спортсүйер қауым үшін үлкен мүмкіндік екенін атап өтті.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді