20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАқтөбе облысында мал саны өсіп, қой мен ешкі саны 1,2 миллионнан асты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ақтөбе облысында төрт түліктің саны жағынан да өсім байқалып отыр. оның ішінде жылқы — 362,8 мың, түйе —23,9 мың, ірі қара —626,1 мың, қой мен ешкі 1 282,4 мыңға жеткен.
Қазіргі уақытта өңірде 100-ден астам ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорын бар. Олардың арасында 11 диірмен, 48 наубайхана, 5 макарон цехы, 7 шұжық цехы, 5 тұшпара цехы, 2 өсімдік майын өндіретін зауыт жұмыс істейтіні белгілі болды.
Облыстық кәсіпкерлік басқармасы өңірде орта және шағын бизнес саласында 85 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі тіркелгенін, сондай-ақ, оның 135-і — тамақ өнеркәсібіне қатысты екенін мәлімдеді.
Қазіргі таңда Ақтөбеде жасалған өнімдер Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан Әзірбайжан, Тәжікстан, Ауғанстан, Қытай, басқа да елдерге саудаланып келеді. Жалпы, облыс бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығарып отырған ірі кәсіпорындардың саны 15-тен асады. Олардың арасында мал шаруашылығы шикізатын экспорттайтын 4 кәсіпорын, астық экпорттайтын 7 ірі кәсіпорын жұмыс істейді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?