Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАқтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров №5 «Олимп» БЖСМ-не де барды. Бұл спорт нысанында хоккей, мәнерлеп сырғанау және шорт-трек бойынша балаларға арналған секциялар жұмыс істейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Айта кетсек, өткен аптада «Олимп» хоккей модулінде жылу алмастырғыш істен шыққан болатын. Осыған байланысты мұз үстіндегі сабақтар тоқтатылды. Сәйкесінше жаңа жабдықты сатып алу немесе ескі жабдықты жөндеу мәселесі күн тәртібінде болды.
Бүгінде жылу алмастырғыш жөнделді. Жаңа жабдықты да сатып алу жоспарлануда. Ескі құрылғы істен шыққан жағдайда, балалар жаттығуларын үзбеуі үшін оны жаңасына ауыстырамыз, - деп түсіндірді аймақ басшысы.
Әкімдіктегілер жылу алмастырғышты сатып алуға демеушілерді тарту жоспарланып отырғанын атап өтті.
Хоккей бойынша өңірде ересектер, жастар және балалар командалары құрылған. 2024-2025 маусым ойындарына «Aqtobe» хоккей клубының жеті командасы қатысуда. Қазіргі уақытта ерлер командасы 7-орында, жастар командасы 5-орында, балалар командалары 2-ден 6-орынға ие.
2025 жылға арналған хоккейдің бюджеті 956 млн теңгені құрады.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары