Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАқтөбе облысы ТЖД ТЖ жою басқармасы бас маманы Нұрбек Оралбаев облыс көлемінде эвакуацияланған адамның 2536-сы үйіне қайтып оралғанын айтты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Ақтөбе қаласында және облыстың алты ауданында жергілікті сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Облыс бойынша еріген қар суын айдау жұмыстары жүргізілуде. Миллион үш жүз мыңнан аса текше метр су сорылды. 1064 тұрғын үйді су басып, оң мыңнан аса адам эвакуацияланды, оның 4077-і бала. Эвакуацияланғаан адамның 2536-сы үйіне қайтып оралды, - деді бас маман.
Оның айтуынша, Ойыл кентінің тұрғындары мен техникасын понтондық өткел арқылы өткізу жұмыстары жүргізілді. Ол үшін Ақтөбе облысына Алматы облысынан инженерлік әскерлер келді. 6-сәуірден бастап понтондық өткел арқылы 427 адам және 400 келі азық-түлік жөнелтілді.
Ақтөбе қаласында Қарғалы су қоймасында еріген судың ұлғаюына, Қарғалы өзенінің су деңгейінің көтерілуіне байланысты, қала маңындағы Солнечный, Садовый және тағы басқа бау-бақша ұжымдарының тұрғындарына су басу қаупі төніп тұр. Осыған байланысты 76 адам эвакуацияланды, - деп мәлімдеді Нұрбек Оралбаев.
Сонымен қатар, облыс көлемінде 7 жолдың үстін су басу, 8 жолды су шаю оқиғасы тіркелгенін айтты.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?