30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАқтөбе облысын Мұғалжар ауданының құрылыс бөлімінің басшысы мен аудандық мәслихат депутаттарына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, олар халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған көппәтерлі тұрғын үй түріндегі 70 пәтерлі жатақхананы сатып алу арқылы 672 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілікті.
Тергеу соты күдіктілерге қатысты қамауда ұстау және үй қамағына алу түріндегі бұлтартпау шараларына санкция берді. Тергеу аясында күдіктілердің 640 млн теңгеден астам сомаға ақшалай қаражаты мен түрлі мүлкіне тыйым салынды. Бұдан басқа тергеу шеңберінде 359 млн теңге сомасында материалдық залал өз еркімен ішінара өтелді, - делінген мәліметте
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды