Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАқтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиында құрылысы ұзаққа созылған нысандар мен мемлекеттік тапсырысқа немқұрайлы қараған жекелеген мердігерлік ұйымдардың мәселелері қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық әкімдік мәліметінше, жиынға мердігер ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ бейнеконференц байланыс режимінде облыстың 12 ауданының әкімдері қатысты.
Қазіргі уақытта облыста құрылысы уақытылы аяқталмаған 31 нысан бар, олар – білім беру және денсаулық сақтау нысандары, спорт кешендері және тұрғын үйлер.
Өңір басшысы осы нысандардың құрылысын аяқтау үшін елеулі шаралар қабылдау қажеттігіне айырықша назар аударды. Жосықсыз, жұмысына салғырт қараған мердігерлермен арадағы келісімшарттардың тоқтатылуы керектігі атап өтілді. Бүгінгі күні 10 компаниямен келісімшарт бұзылып, жаңа мердігерлер анықталды. Кейбірінің жұмысын тоқтату үшін сот процесі жүргізілуде. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының жоспары бойынша биыл 22 нысан халық игілігіне беріледі, - делінген мәліметте.
Асхат Шахаров нысандарды, әсіресе, әлеуметтік маңызға ие нысандарды салу үшін әр мердігер мемлекеттік сатып алуларға ерікті түрде қатысқанын, жауапкершілік өздерінде екенін тілге тиек етті.
Мемлекеттік сатып алулар конкурсы өткізіледі. Конкурсты ұтып алған мердігер компаниялар барлық талабын, қандай жұмыстар атқаратынын біледі. Келісімін береді. Соның өзінде, осындай жауапкершіліктен жалтарады. Барлық мердігер компания өкілдеріне айтарым, егер де нысандардың құрылысын уақытылы аяқтамай, жұмыстарыңызға немқұрайлы қарайтын болсаңыздар, халыққа, әсіресе, ауылда тұратын тұрғындарға берілген уәдені орындамасаңыздар, заң жүзінде ең қатаң шаралар қабылданады. Ел бұл нысандарды күтіп отыр, - деп облыс әкімі сөзін түйіндеді.
Жиын қорытындысы бойынша барлық жауапты мемлекеттік органдардың басшылары құрылысы ұзаққа созылған нысандарды пайдалануға беру үшін түбегейлі шаралар қабылдауға міндеттелді.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады