23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАқтөбе облысында өткен жылы Қарғалы ауданы Әлімбет ауылын газдандыру бойынша құрылыс жұмыстары басталып, жобаны аяқтау 2023 жылға жоспарланған еді. Аталған газдандыру жұмысы толық аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары толығымен аяқталған. Аудандық газ шаруашылығы газ желісіне зерттеу жүргізіп, нәтижесінде Әлімбет ауылы жаңа газ құбырын іске қосуға рұқсат алып отыр.
Аудан әкімі Асқар Жүсібалиев нысанды пайдалануға беру шарасына қатысып, ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісті. Көптен күткен көгілдір отын Әлімбет ауылының тұрғындары үшін енді қолжетімді болмақ. Игілікті іс үшін ауыл тұрғындары алғыстарын білдірген.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады