Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҰлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің «Қиялы» шекара заставасында әскери қызметші әріптесіне оқ атты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 2 желтоқсанда болған.
«Қиялы» шекара заставасында келісімшарт бойынша жұмыс істеп жүрген әскери қызметші жанжал салдарынан әріптесіне оқ атқан. Оқты өзіне бекітілген қарудан атқан. Оқ тиген әскери қызметші жедел жәрдем қызметі келгенде қайтыс болды, - дейді ведомство.
Батыс өңірлік әскери тергеу басқармасының Ақтөбе бөлімі Қазақстан Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікті ұсталды.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді