Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАқтөбе облысының Хромтау қаласында әріптесінің интим видеосын таратамын деп бопсалаған екі жігітке қатысты үкім шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әйелдің мұндай видеосы әріптесінің қолына қалай түскені нақтыланған жоқ. Сөйте тұра компроматтан табыс табуды ойлаған жігіт досына ролик кейіпкерін бопсалау туралы ұсыныс жасаған.
Алдымен жігіттер әйелден 150 мың теңге талап еткен, сонан соң оны таратпау үшін 300 мың теңгеге көтерген. Әйел әріптестерінің дегеніне көнбей, полицияға шағым түсірген.
Тәртіп сақшылары бопсалаушылардың бірін ақша алу кезінде ұстап, көп ұзамай екіншісін қолға түсірді.
Алайда екі жігіт те темір торға жабылған жоқ. Себебі арызданушы оларды кешіргенін айтқан. Сот жігіттердің бірін 4 жылға бас бостандығын шектесе, екіншісін 3,5 жылға бас бостандығын шектеген.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар