Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАқтөбе облысында өңірлік маңызы бар жолдағы жол-көлік қозғалысы қайта қалпына келтірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі өңір әкімдігіне сілтеме жасап.
Темір ауданы тұрғындарының өтініштерін назарға ала отырып, аудандық әкімдік «Шұбарқұдық-Ақтөбе» және «Ақтөбе-Шұбарқұдық» қатынасымен екі аралыққа қоғамдық көлік тасымалын ұйымдастыру туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде қоғамдық көлік қатынасы бойынша конкурс жарияланып, үміткер анықталды. Жоба мердігері ретінде «Аймұқашев» ЖШС анықталып отыр.
Қазіргі таңда ауданда жолаушыларды тасымалдайтын қоғамдық автобустардың аялдамасы мен тұрақты орны анықталуда. Сондай-ақ анықталған мердігерге жол қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру, жолаушыларды тасымалдау көлігінің техникалық талапқа сәйкес келуі және жүргізушілердің арнайы медициналық бақылаудан өтуі, жол қозғалысы ережелерінің сақталуы тапсырылды, - деп жазылған облыс әкімдігі таратқан ақпаратта.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді